Нью-Йоркте төтенше жағдай режимі жарияланды

Нью-Йорк штатының губернаторы Кэти Хочул аймақта төтенше жағдай режимін жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұған «омикрон» деп аталатын коронавирустың жаңа штамы себеп болды. Төтенше жағдай 2022 жылдың 15 қаңтарына дейін жалғаспақ. Сонымен қатар ел президенті Джо Байден жаңа штамның кең етек жаюына байланысты Африканың 8 елімен әуе қатынасын тоқтатты. Қара тізімнің ішінде Оңтүстік Африка Республикасы да бар.