ОАР-ға Нидерландтан барған 61 адамнан ковид анықталды

Оңтүстік Африкадан Нидерландқа барған жолаушылардың 10 проценті COVID-19 індетін жұқтырған.

Амстердам әуежайына бортында 600-ден астам адам  отырған екі ұшақ қонды. 61 жолаушыдан птр тесттің оң нәтижесі анықталды. Қазір олар қонақүйде карантинде отыр. Науқастардың нақты қай штамды жұқтырғаны анықталып жатыр. Аймақта 3 аптаға жарияланған локдаун әлі де өз күшінде.