Әлемде жарты млрд жуық адам жоқшылық зардабын тартуы мүмкін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Дүниежүзілік банктің хабарлауынша, әлемде жарты миллиардқа жуық адам кедейлік пен жоқшылықтың зардабын тартуы мүмкін.

Бұған пандемия кезіндегі денсаулық сақтау саласына түскен ауыртпашылық себеп дейді мамандар. Ұйымның мәліметіне сәйкес, соңғы 10 жылда алғаш рет жер бетіндегі халықтың иммундау деңгейі төмендеп, әлемде туберкулёз бен безгек аурынан қаза тапқандардың саны артты. Осыған орай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус мемлекет басшыларын халыққа қолжетімді болатын медициналық қызметті жөнге келтіруге шақырады.

Сондай-ақ...