Татарстанда тоғыз адам бассейндегі хлордан уланып қалған

Татарстанның Қазан қаласына қарасты Кульсеитово кентіндегі жеке бассейнде тоғыз адам, оның ішінде үш бала хлормен уланып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24» РИА Новостиге сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендердің барлығы жеке бассейнге келген. Олардың алтауы қазіргі уақытта медицина қызметкерлерінің бақылауында. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.