Мьянмада сепаратистермен болған атыста бейбіт тұрғындар оққа ұшты

Елдің шығысындағы Мо Со елді мекенінде сепаратистерге қарсы рейд жүргізілген. Алайда сепаратистер мінген жеті көлік тексерушілерге тоқтаудан бас тартқан, деп хабарлайды Хабар 24 Еuronews агенттігіне сілтеме жасап.

Әскерилердің айтуынша, тексерушілерге тоқтаудан бас тартқан сепаристер жағдайды ушықтырған. Салдарына әскерилер мен террористер арасында атыс басталған.

Атыс кезінде көлікте кепілдікте отырған бейбіт тұрғындар оққа ұшты. Марқұмдардың мәйіттері көліктерде өртеніп кеткен.

Халықаралық құқық қорғаушылардың айтуынша, қаза тапқандар арасында әйелдер мен балалар да бар.

Тексеріс кезінде отыздан аса адам әскерилердің қолынан қаза тапқаны анықталған.