Грекияда омикрон жылдам таралып жатыр

Әлемде бір ай бұрын ғана пайда болған омикрон Грекияда кеңінен етек жайған, деп хабарлайды Хабар 24.

Елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін қазір билік өкілдері нақты шара қабылдауға кірісті. Яғни денсаулық сақтау жүйесіне шамадан тыс жүктеме түспеу үшін бірқатар қосымша шектеу шаралары қабылданды. Атап айтқанда, клубтар мен мейрамханалардың жұмыс уақыты қысқарды. Олар енді түнгі 12-ге дейін ғана жұмыс істей алады. Бұдан бөлек, азаматтар дүкен мен қоғамдық көлікте бетперде тағуға міндетті. Ал мемлекеттік және жекеменшік сала қызметкерлерінің жартысы қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті.

Айта өтейік, өткен тәулікте Грекияда 21 мыңнан астам вирус жұқтыру дерегі тіркелді.

Сондай-ақ...