4400 мигрант Испанияға жете алмай көз жұмған

Былтыр Испанияға жолға шыққан 4 мың 400 мигрант қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 205-і бала. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Бұл туралы осы елдегі босқындарды бақылаушы ұйымдар мәлімдеді. Мерт болғандардың 90 проценті Испанияның Канар аралдарына жету үшін Атлант мұхитын қайықпен кесіп өтпек болған. Жалпы осы жолда 124 кеме апаты тіркелген. Босқындадың қазасына көбіне олардың ескі кеме немесе қайықпен сапарға аттанып, қауіпті аумақтармен жүруі себеп.

Ал ресми дерекке сүйенсек, былтыр Испанияға 39 мың мигрант табан тіреген. Сарапшылар 2020 жылы да дәл осыншама босқын келгенін айтады.

Сондай-ақ...