Түркияда «омикронды» жұқтырғандар саны 4 есеге артты

Түркияда коронавирустың «омикрон» штамы өршіп тұр. Бұл туралы «Хабар 24» елдің денсаулық сақтау министріне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, қаңтар айынан бастап тіркелген науқастардың саны желтоқсанда анықталған науқастармен салыстырғанда 4 есеге артқан. Десе де осы жолы аурудың бірінші толқынына қарағанда дертті жұқтырғандардың қатары аз. Бұған қарамастан мамандар ел тұрғындарын санитарлық талаптарды бұлжытпай орындауға шақырады. Айта кетейік, эпидахуалдың ушығуына қарамастан елге туристер еш кедергісіз келіп жатыр.