АҚШ-та көлік қағып кеткен тілші репортажын қайта жалғастырды (видео)

АҚШ-та тікелей эфир кезінде журналисті көлік соғып кетті, бірақ ол орнынан тұрып репортажын қайта жалғастырды, деп хабарлайды WSAZ телеарнасы.

Тори Йорги бұл сәтте Данбардағы су құбырына зақым келгені туралы репортаж жүргізіп тұрған.

«Құдайым-ау, мені қазір ғана көлік қағып кетті, бірақ халім жақсы. Бәрі дұрыс, Тим», – деді Йорги тікелей эфир кезінде.

Рөлдегі әйел журналистің жағдайын сұрап еді, тілші бәрі жақсы екенін оған да айтты.

Журналистің сөзіне қарағанда, ол көшеде емес, жаяу жүргіншілерге аяқжолда тұрған. Бастапқыда өзін көлік соққанын түсінбей де қалған екен.

Twitter-де бұл ролик 4,4 млн қаралым жинаған.