АҚШ-та оқушылар індеттің таралуы кезінде мектепте оқудың қауіпсіз болуын талап етті

Иллинойс, Калифорния, Колорадо, Пенсильвания және Нью-Джерси штаттарындағы оқушылар оқу ордаларынан шығып, мектеп әкімдігі мен қала басшылығына наразылығын білдіруде.

Айтуынша, ковид індеті өршіп тұрған уақытта қауіпсіз ортада білім алуға барынша жағдай жасалуы керек.

Атап айтқанда, білім ордаларындағы тестілеу жиі өткізіліп, желдету жүйесін жақсарту, мұғалімдер мен оқушылар N-95 маскалары мен жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Олай болмаған жағдайда қашықтан оқытуды жалғастыра бермекпіз дейді оқушылар.

Ал құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, ковидке қарсы қорғаныс құрылдары мен тестілеу орталықтарының көбейтілуі қалалық емес, мемлекеттік деңгейде шешілуі тиіс. Ал жас белсенділер болса, жалпыұлттық петиция жинауды бастап кетті. 

Хавен Колеман, оқушы:

- Мақсатымыз дәстүрлі оқудан бас тартып, қашықтан оқуға көшу емес. Бастысы, сыныпта әрі қауіпсіз ортада білім алу. Біз де келеңсіз жағдайлардан шаршадық. Бар болғаны дұрыс білім алғымыз келеді.