Өзбекстанда Әмір Темірдің қабірі ашылды деген ақпарат тарады   

Бұл мәліметті ресейлік сайттар жарыса жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда кейін Өзбекстанның ғылым академиясы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Археологтар XIV-XV ғасырларда өмір сүрген тарихи тұлғаның бейітінде зерттеу жұмыстарын жүргізбеген. «Бұл мәселе күн тәртібінде жоқ. Соңғы рет қабір 1941 жылы маусым айында ашылды. Содан бері Әмір Темір қабіріне, ешкімнің қолы тиген емес», – деді академия өкілдері. Оның үстіне жалған ақпаратта жаңа экспедицияға, профессор Ташмұхаммед Кори Ниязидің жетекшілік еткені жазылады. Ал ол 1970 жылы дүние салған. «Демек мәліметтің шындыққа жанаспайтыны осыдан да белгілі», – дейді мамандар.