Гонконг халқы жаппай азық-түлік сатып алуда

Гонгконкта соңғы күндері коронавирус жұқтыру деректерінің күрт көбейіп кеткен.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, небәрі бірнеше күнде 35 мыңнан астам адам науқас деп танылған. Қазір карантиндік шектеулер күшейтілді. Қала халқы жаппай азық-түлік сатып ала бастады. Ал шенеуніктер болса азық-түліктің бәріне жететінін айтып, дүкендерге ағылған тұрғындарды сабырға шақырып жатыр.

Кэрри Лэм, Гонконг әкімшілігінің басшысы:

- Сабыр сақтауымыз керек. Интернет беттерінде қазір түрлі жалған ақпарат жүр. Карантиннің күшейтілуі азық-түлік тапшылығына әкеледі деп айтып жатыр. Адамдардан жалған ақпаратқа сенбеуді сұраймын.