Қытайда Boeing 737 апатына байланысты іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды

Ал алдын ала тергеу амалдары апаттан кейін 30 күн ішінде қорытындыланды, деп хабарлайды «Хабар 24» ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайдың оңтүстігінде Boeing 737 жолаушылар ұшағы құлаған жерде іздеу-құтқару жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталды. Бұл туралы бейсенбі күні баспасөз мәслихатында Қытай азаматтық авиация басқармасының авиациялық қауіпсіздік басқармасының басшысы Чжу Тао мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта негізгі іздеу-құтқару жұмыстарын аяқтаймыз», – деді ол. Оның айтуынша, мамандар келесі кезеңге, яғни техникалық талдауға, жиналған ақпаратты зерделеуге және апатты зерттеуге көшуде.

Мәлім болғандай, тергеудің алдын ала қорытындысы бойынша есеп оқиға болған күннен бастап 30 күн ішінде аяқталады. Толық есеп тергеу аяқталған соң жарияланады.