Гонконгта табыт жетіспей жатыр

Гонконгта жұрт сабылып, табыт таппай қалды.

Коронавирустың бесінші толқынымен арпалысып жатқан қалада қайтыс болғандарды жер қойнына тапсыру қиындап тұр. Өйткені пандемияға байланысты шекара жабылып, ағаш жеткізілмеген. Сол себепті табыт жасаушылар тапсырысты орындап үлгірмей жатыр. Бұған қоса марқұмдардың құжаттарын алуға да ұзынсонар кезек. Ал мүрдені дәрігерлер жерлеу рәсіміне дейін ауруханада сақтауға мәжбүр. Індет басталғалы бері Гонконгта 1 миллионнан астам адам ауырып, 8 мыңы о дүниелік болды.