Киевтегі броньды танк зауытына соққы жасалды

Ресей Қорғаныс министрлігі кезекті рет Украинадағы әскери қақтығысқа қатысты есеп берді, деп хабарлайды «Хабар24».

Бір түнде Украинаның жеке құрам мен әскери техникасы шоғырланған 70-ке жуық ауданның көзі жойылған. Бұдан бөлек, орыс әскері Киевтегі броньды танк зауытына соққы берген. Ресей қорғаныс министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, жақын арада Украинаның қарулы күштері Лозовая елді мекеніндегі теміржол вокзалына жиналған босқындарға соққы бермек екен. Алайда ресми Киев бұған қатысты түсініктеме бермеді.

Игорь Конашенков, РФ қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:

Дәлдігі жоғары қарумен Киевтегі броньды танк зауытының өндірістік корпустары мен Николаевтағы әскери техниканы жөндеу цехының көзі жойылды. Түнде дәлдігі жоғары зымырандар қарсыластың 16 әскери нысанын жермен-жексен етті.