АҚШ мемлекеттік хатшысы мен қорғаныс министрі Киевке барды

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Қорғаныс министрі Ллойд Остин Киевке барып, президент Владимир Зеленскиймен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қарулы қақтығыс басталғалы америкалық жоғарғы делегацияның Киевке алғаш сапары. Басқосуда Украинаға экономикалық және әскери көмек мәселелері талқыланды. АҚШ тарапы Украина үкіметіне тағы 713 миллион доллар көмек беретінін жеткізді. Өткен аптада Вашингтон Украинаға 800 миллион доллар көлемінде қосымша көмек бөлген. Қомақты қаржыны Украина әскеріне ондаған ауыр зеңбірек, оқ-дәрі және әскери дрондар жіберуге жұмсау қарастырылған.