Киевтегі АҚШ елшілігі қайта жұмыс істей бастады

АҚШ елшілігі араға 3 ай салып барып Киевте қайта жұмыс істей бастады.

Дипломатиялық өкілдік аумағында елшілік жұмысының қалпына келуіне орай мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Бастапқыда елшілікте аз дипломат жұмыс істеп, олардың саны қажеттілігіне қарай көбейтілмек. Бірақ Мемлекеттік департамент өз азаматтарына Украинаға сапардан әлі де бас тарта тұруға шақырып отыр.

Айта кетейік, соңғы апталарда Еуропаның көп елі Киевтегі елшіліктерінің жұмысын қалпына келтірген.

Сондай-ақ...