Шри-Ланка жарты ғасырдан бері болмаған дағдарысты бастан кешіп жатыр

Елде жанар-жағармай жоқ, дәрі-дәрмек те тапшы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шри-Ланкада азық-түлік тапшы. Бұл туралы елдің премьер-министрі мәлімдеді. Қауіптің алдын алу үшін қазір үкімет бірқатар шара қабылдап жатыр. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы министрлігі астық өнімін ұлғайтпақ. Шри-Ланка жарты ғасырдан бері болмаған дағдарысты бастан кешіріп жатыр. Елде жанар-жағармай жоқ. Дәрі-дәрмек те тапшы.