Иракта безгек ауруы белең алды

Наурыздан бері елде 90-нан астам адам науқас деп танылып, 18-і ажал құшқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты ауыл шаруашылығы министрлігі дерттің таралуын тежеу мақсатында жануарларды дәрілеп, пестицидтерді қолдануға кірісті. Әйтпесе, алдағы күндері вирус жұқтыру деректері күрт көбеюі мүмкін деген қауіп бар. Айта кетейік, геморрагиялық безгек Иракта алғаш рет 1979 жылы анықталды. Ол адамдарға кене арқылы жұғады.

Сондай-ақ...