Жанармай тапшылығы: Шри-Ланкада халық діттеген жеріне жете алмай отыр

Ал қазір елде студенттердің емтихан тапсыру науқаны басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді жастар оқу орнына жете алмай көлік іздеумен әлек. Шамамен 517 мыңнан астам адам 3 мың 800 орталықта емтихан тапсыруы тиіс. Аймақта қоғамдық көлік қатынасы шектелгендіктен, халық діттеген жеріне жете алмай отыр.

Айта кетейік, ел экономикасы туризм индустриясына тәуелді мемлекетте шетел валютасы мен дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі де қатты байқала бастады.