Әлемде маймыл шешегін жұқтырғандар саны 550 адамнан асты

Бұл мәліметті Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрлігі жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал ауру анықталған елдер қатары 30-ға жетті. Сарапшылардың мәлімдеуінше, індет бір мезетте бірнеше жерде пайда болып, үлкен қарқынмен таралып жатыр. Сондай-ақ мамандар маймыл шешегін бірден анықтау қиынға түсіп отырғанын айтады. Жыл басынан бері Африканың 5 елінде аталған аурудан 70-ке жуық адам көз жұмған. Айта кетейік, бұл індетке қарсы вакцина әзірге жасалған жоқ.

Майк Райан, ДДСҰ төтенше жағдай бағдарламасының жетекшісі:

– Табиғат тарапынан экологиялық қысым күшейіп бара жатқаны анық. Жануарлардың да, адамдардың да мінез-құлқы қатты өзгеріп жатыр. Бұған бірінші кезекте климат пен құрғақшылық әсер етіп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегі анықталған елдерден барынша абай болуды талап етеді. Бұл індетті әлі көп адам жұқтыруы мүмкін.