НАТО Балтық теңізінде әскери жаттығу өткізіп жатыр

Балтық теңізінде Швецияға тиесілі Готланд аралында НАТО-ның ауқымды әскери жаттығуы басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған 16 елден 3 мыңға жуық жауынгер қатысып жатыр. Екі аптаға созылатын бұл шара - альянс тарихындағы ең ірі әскери жаттығудың бірі. Еске сала кетсек, Украинадағы жағдайдан кейін ұзақ жылдар бойы бейтарап саясатты ұстанып келген Финляндия және Швеция жуырда НАТО-ға кіруге өтініш берді. Бірақ Швеция Альянс құрамында болмаса да, корольдікке тиесілі ГОтланд аралында әскери жаттығу жыл сайын өтетін. Алайда биыл ауқымы кеңейіп, авиация мен кемелер қосылды. Оның барысында негізінен ГОтландты шабуылдан қорғау шаралары пысықталады. 60 мыңдай халқы бар бұл шағын аралдың стратегиялық маңызы зор. Ол Калининградтан 300-ақ шақырым жерде орналасқан. Ал бұл қалада Ресей Балтық флотының бас штабы жұмыс істеп тұр. Шығыс Пруссия деп аталған бұл аймақ Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Германия құрамында болған. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Калининград облысы,,,құрылықта Ресейдің өзге аймағымен жанаспайтын эксклавқа айналды. Сол себепті онда Ресейдің зор әскери күші шоғырланған.

Джон Менони, АҚШ әскери-теңіз күштерінің контр-адмиралы:

– Стратегиялық маңызына тоқталсам, бұл жерде Швеция, Финляндия және 14 елмен бірге жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Осылайша біз кез келген дағдарысқа қарсы төтеп бере аламыз. Жер сілкінсе де, жау шабуылдаса да, бәріне дайын тұруымыз керек.