Мексикада мигранттар ауыздарын тігіп тастады

АҚШ шекарасынан аса алмаған ондаған мигрант наразылық шарасы ретінде осында әрекетке барған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қолдарында транзиттік виза болғанымен, босқындар автобусқа билет сатып ала алмайды. Ресми мәлімет бойынша 2022 жылы 50 мыңнан аса адам АҚШ-та босқын мәртебесін алуға сауал жолдаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 процентке көп. Олардың көбі – күрделі экономикалық дағдарысқа ұшыраған Венесуэла тұрғындары. Арасында Гаити, Сальвадор. Гондурас секілді Орталық Америка мемлекеттерінің тұрғындарыда бар. АҚШ әкімшілігі теңізбен келген мигранттардың арыздарын қарастырмайтындықтан, олар бұл елге құрлықпен тек Мексика арқылы жете алады. Сондықтан мыңдаған адам керуен құрып, шекараға жаяу келе жатыр.

Ромеро Рафаэль Энир, Венесуэладан келген мигрант:

– Біз диктаторлық билік орнаған елдерден келдік. Венесуэлаға қайтарғаннан гөрі мені бірден осында өлтіре салсын. Біз қылмыскер емеспіз, ең алдымен біз адам баласымыз. Бізге құлақ ассын деп, ауыздарымызды тігіп тастауға бел будық.