Шілденің бірінен бастап Қазақстан мен Қытай арасында әуе қатынасы қалпына келеді

Қытай тарапы денсаулық кодын алу ережелерін өзгертті. Енді ұшаққа отырар алдында, яғни ұшуға 48 және 24 сағат қалғанда екі рет ПТР тест тапсыру қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оларды екі түрлі зертханада тапсыру – міндет. Олардың мекенжайы Алматыдағы Қытай консулдығының сайтында бар. Сондай-ақ, ұшып шығуға 12 сағат қалғанда антиген тест өткізіп, нәтижесін әуежайда көрсету қажет. Оған қоса жолаушылар рейске дейін 10 күн оқшаулануға тиіс. Бұл туралы тиісті кепілдік хатына қол қояды.

Еске сала кетсек, осы аптадан бастап Қытай елшілігі Қазақстан азаматтарының кейбір топтарына визаларды қайта бере бастады.