Ұлыбританияда Боб Диланның әні аукционға шығарылады

Әйгілі әнші Боб Диланның ешқайда жарық көрмеген туындысы 7 шілде күні Ұлыбританиядағы Кристис ((Christie's)) аукцион үйі осы бір әннің жалғыз данадағы көшірмесін сатылымға қоймақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйымдастырушылардың айтуынша, үнтаспаға жазылған шығарма 600 мыңнан 1 миллион фунт стерлингке сатылады. Дилан бұл әнді 1962 жылы шығарған. Бірақ өнер иесі араға 60 жыл салып, былтыр оны қайтадан студияда жаздырған болатын. Аталған аукционда үнтаспадан бөлек, Антонио Страдиваридің скрипкасы мен көркем өнер туындылары да сатылымға шығарылмақ.