АҚШ-та ұлттық парк өртеніп жатыр

АҚШ-тың Йосемите ұлттық паркінде 2 аптадан бері алапат өрт болып жатыр.

Бұл жерде әлемдегі ең алып ағаш - секвойялар көп кездеседі. Тілсіз жау қазірдің өзінде 600-ден астам аумақты жалмап үлгірген. Операцияға арнайы ауыр техника, тікұшақтар мен ұшақтар тартылды. Бірақ әзірге нәтиже шамалы. Оттың шығуына 10 жыл бойы қайтпай қойған аптап ыстық пен құрғақшылық себеп.

- Құтқарушылар келіп, шұғыл көшіңіздер деді. 4 сағат жарық болған жоқ. Өрт тез тарап жатыр.

Ал Сочиді су басып жатыр. Айналдырған 1 сағаттың ішінде 55 миллиметр жауын-шашын түскен. Тұтас көшелер мен аулалар су астында қалып, көліктерге зақым келді. Табиғи апат салдарынан 1 әйел көз жұмды.  Қаланың барлық коммуналдық қызмет мамандары тасқын салдарын жою үшін жанталасып әлек.