Грузия тікұшақ апатына байланысты аза тұту күнін жариялады

Грузияда тікұшақ апатына байланысты аза тұту күні жарияланды.

Қайғылы оқиғадан 9 адам қаза тапты. Олардың арасында шетелдік туристер бар.

Тікұшақ парапланершілерді құтқару кезінде апатқа ұшыраған. Әуе көлігінің бортында болған құтқарушылар мен дәрігерлердің бәрі қаза тапты. Грузияның таулы курорттарында парапланмен ұшу дәстүрге айналған еді. Алайда соңғы уақытта қайғылы оқиғалар көбейе түсті. Биыл жаз басталғалы үш адам көз жұмды. Осы оқиғаға байланысты елдің Ішкі істер министрлігі парапланмен ұшуға уақытша тыйым салды.