Кентукки штатында толассыз жауыннан 16 адам қаза тапты

АҚШ-тың Кентукки штатында толассыз жауын соңы тасқынға ұласып, 16 адам қаза тапты. 400-ден астам тұрғын құтқарылды.

Марқұмдардың арасында балалар бар. Штат басшысы Энди Бешир табиғат апатынан опат болғандар саны артуы мүмкін екенін айтты. Өткен сәрсенбіде басталған жаңбырдан аймақтағы көптеген елді мекен суда қалды. 23 мыңнан астам адам жарықсыз отыр. Тұрғындар үйлердің төбесін паналауға мәжбүр.

Мамандардың айтуынша, бірнеше күн ішінде 30 сантиметрге дейін жауын-шашын түскен. Кей жерлерде тасыған су деңгейі үйдің төбесіне дейін жетеді. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Көрші штаттардан қосымша көмек жіберілді.

Сондай-ақ...