Украинада Зеленский, Ердоған және Гутерриш келіссөз өткізді

Украинаның Львов қаласында Түркия мен Украина президенттерінің және БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриштің қатысуымен өткен үшжақты келіссөздер аяқталды.

Бұл туралы ТиАрТи Уорлд ((TRT WORLD)) телеарнасы хабарлады.

Келіссөздер шамамен 40 минутқа созылды және жабық форматта өтті. Тараптар бидай экспортын, Ресей-Украина дағдарыс шешу жолдарын талқылады.