Қазақстан дәстүрлі діндер қауымдастығын халықаралық деңгейдегі діни қауымдастыққа айналдырды – Фредерик Старр

Қазақстанда өткен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін Америкадағы сарапшылар да назарда ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, АҚШ-ның үш бірдей президентіне Еуразия мен Ресей жөнінде кеңесші болған Фредерик Старр Рим папасының баяндамасы өте мазмұнды болғанын айтып отыр. Ең маңыздысы қазақ елі дәстүрлі діндер қауымдастығын халықаралық деңгейдегі діни қауымдастыққа айналдырағына тоқталды. Фредерик Старр – Еуразиялық тақырыпта ондаған кітап пен жүздеген мақала жазған беделді сарапшы.

Фредерик Старр, Вашингтондағы орталық азия институтының негізін салушы:

- Рим папасының Қазақстанда жасаған баяндамасы мен жаһан жұртшылығына арнаған сөздері менің көңілімнен шықты. Ең маңыздысы, бұл жиында барлық тараптың көшбасшылары болды. Ал Қазақстан дәстүрлі діндер қауымдастығын халықаралық деңгейдегі діни қауымдастыққа айналдырды. Съезд нәзік мәселеге келгенде жасалған сауатты қадам болды деп ойлаймын.