Сауд Арабиясы әйел адамды ғарышқа ұшырмақ

Сауд Арабияссы келесі жылы өз ғарышкерлерін ғарышқа ұшыру үшін оқыту бағдарламасын қолға алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба шеңберінде әйел ғарышкерді аттандыру көзделіп отыр. Алғашқы сапар келесі жылға жоспарланған. Мақсат – ғарышты игеру саласында, жергілікті білікті мамандарды дайындау. Шара осы мемлекеттің тақ мұрагері Мохаммед бен Салманның әйелдерді елдегі белсенді жұмысшы күшінің бір бөлігіне айналдыру саясаты мақсатында жүзеге асырылғалы отыр.