Иранда полиция бекетіне жасалған шабуылдан 19 адам қаза тапты

Иранның Захедан қаласында белгісіз қарулы топ полиция бекетін шабуылдап, 19 адам қаза тапты. Тағы 32 сарбаз жараланған.

Қарулы адамдар тәртіп сақшыларының базасына мешітке бара жатқан азаматтардың арасына тығылып барып, лап қойған. Оқиғаның Ирандағы толқулармен байланысы бар-жоғы белгісіз.

Еске сала кетейік, 22 жастағы Махса Амини есімді студент қыздың әдет-ғұрып полициясы қолынан қаза табуы жаппай наразылыққа әкелді.