Р.Ердоған: Финляндия Мен Швеция өз міндетін орындауы тиіс

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Финляндия мен Швеция Анкараға берген уәдесін орындамайынша, қос елдің НАТО құрамына кіру туралы өтінішін бекітпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Түркия басшысының айтуынша, Хелсинки мен Стокгольмның маусым айында жасасқан келісімшартты қаншалықты орындап жатқаны жіті қадағалануда.

Естеріңізге салайық, Финляндия мен Швеция әскери альянсқа мүше болу үшін Түркияда террорлық ұйым деп саналған күрдтерге қолдау көрсетуді тоқтатып, Түркияға қарсы салынған санкцияларды алып тастап, ынтымақтастыққа бет бұруы тиіс еді.