Израиль мен Ливан теңіздегі шекараны белгілеудің нұсқасына келісті

«Израиль мен Ливанның теңіздегі шекараны делимитациялау туралы келісімі - үлкен дипломатиялық жетістік».

АҚШ қос елдің мәселеге қатысты ортақ шешімге келуіне осылай деп қолдау білдірді.

"Бұл екі мемлекетке өз аумағындағы табиғи қазба байлықтарды бейбіт игеруге мүмкіндік береді", - дейді АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен. Кеше Израиль мен Ливан Жерорта теңізіндегі шекарасын белгілеу туралы келісім-шарттың соңғы нұсқасымен келісті. Енді қос елдің тиісті огандары оны талқылап, бекітуі керек. Сарапшылар бұл 1948 жылдан бері соғыс жағдайында өмір сүріп келе жатқан екі ел қатынасындағы ірі бетбұрыс деп отыр.

Сондай-ақ...