Тамыз айынан бастап Украина порттарынан 7,5 млн тонна ауыл шаруашылығы өнімі экспортталды

Бұл қауіпсіз дәліз құру туралы келісім арқасында мүмкін болды.

Шілденің соңында Украина, Ресей, Түркия мен БҰҰ өкілдерінің қатысуымен кездесу өтіп, тараптар тиісті құжатқа қол қойған. Оған сәйкес қарулы қақтығыс салдарынан Украина кемежайларында жиналып қалған астық «қауіпсіз дәліз» арқылы өзге елдерге экспортталуға тиіс. Сөйтіп, 1 тамызда Одесса портынан ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген алғашқы кеме жолға шыққан еді.