Индонезияда 100-ге жуық бала өткір бүйрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды

Жалпы елде 200-ден аса дерек тіркелді.

«Бұл жөтелге қарсы дәрімен байланысты болуы мүмкін», – дейді мамандар. Өйткені Гамбияда дәл солай 70 бала көз жұмған. Олар да Үндістанда жасалған препаратты ішкен. Қазір компания өндірісін уақытша тоқтатты. Тексеру жүріп жатыр.