Еуроодақта инфляция 10 пайыздан асты

Еуропалық Одақта қазан айында инфляция тағы шарықтап, 10,7 процентке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ортақ аймақта бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Мәліметке қарағанда, ең алдымен электр энергиясы қатты қымбаттаған. Оның құны 42 пайызға дейін көтерілді. Ал азық-түлік, спирттік ішімдіктер және темекі өнімдерінің өсімі 13,1 пайыз болды. Мамандардың айтуынша, бұған ең алдымен әлемдік нарықтағы энергоресурстардың қымбаттауы себеп. Салыстырмалы түрде айтсақ, қыркүйек айында Еуроодақта инфляцияның жылдық деңгейі 9,9 процентті еңсерген болатын. Баға Эстония, Литва, Латвия елдерінде тым шарықтап кеткен