Нью-Йоркте қалың қар жауды

Нью-Йорк штатының батысы қалың қар құрсауында қалды.

Соңғы 4 күннің ішінде аймақта биіктігі 2 метрге дейін жететін қар жауған. Екі адам қаза болған. Табиғаттың тосын мінезінен аймақта мектептер уақытша жабылды,  жол көлік қатынасы тежелді. Әуе компаниялар жоспарлы рейстерін кейінге шегерген. Апатты аймақтарға көмек көрсету үшін штат губернаторы сарбаздарды тартқан. Жергілікті билік тұрғындарды алыс сапарға шықпауға шақырады. Соңғы рет мұндай қар 8 жыл бұрын түскен екен.

Сондай-ақ...