Италия мен Болгария Эпифания мерекесін атап өтті

Болгарияда христиандық Эпифания мерекесі тойланып жатыр.

Ер адамдар қаңтардың суық күніне қарамастан, өзен суында шомылып, мәре-сәре болды. Бұл дәстүрлі іс-шара. Ұлттық киімдерін киіп алған ер адамдар Тунджа өзенінде би биледі. Дәстүрге сай, достық, бауырмалдық сезімін арттыратын ойын ойнады. Ал Италияда шомылдыру рәсімінің құрметіне Венеция каналында ескек есушілер сайысы өтті. Олар итальялық фольклорда айтылған көне костюмдерді киген. Мереке алдындағы түнде бұл рәсім балаларға тәттілер сыйлау үшін жасалады. Шараға Венецияның ең мықты ескекшілері қатысты.

Сондай-ақ...