Бұл Қазақстан мұнай нарығында қарқынды дамып келе жатқан компаниялардың бірі. Біз сіздерді осы өндіріс орнына қарасты 7 кен орнымен таныстыруды жалғастырамыз. Қазіргі таңда компанияның өндірістік қуаты артып, соңғы үлгідегі заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қара алтын өндірісінде қарқынын жоғалтпаған осындай кен орындарының бірі «Кеңлік». Мұнда 2010 жылы ілеспе мұнай-газ қалдықтарын пайдалану және қайта өңдеу жөніндегі жаңа зауыт іске қосылды. Оның қаржылық құны 4,7 млрд теңгені құрады. Зауыт АҚШ, Ресей, Қытай, Сауд Арабиясының жетекші өндірушілерінің жоғарғы технологияларымен жабдықталған. Ілеспе газдың қалдықтары толығымен пайдаға асырылады. Зауыттан шыққан сығымдалған газ қайда жіберіледі? Өндірістегі жұмыс барысы қалай жүзеге асады?