Илон Маск жасанды интеллектке арналған бесінші буындағы микрочиптерді өндіруге бағытталған Terafab жобасын іске қоспақ. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
«Пентагонға Иранмен арадағы соғысқа қосымша қаржының қажеті жоқ». АҚШ Президентінің экономика бойынша бас кеңесшісі Кевин Хассет америкалық CBS арнасына берген сұхбатында осылай деді.
Израиль Ливанға шабуыл жасап, Бурдж-Калауйя елдімекеніндегі аурухананың күл-талқанын шығарды. 12 медицина қызметкері қаза тапты. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы хабарлады.
Әлемде дрондар соғысып жатыр. Қазір әскер құны әлдеқайда қымбат зымырандардан гөрі ұшқышсыз құралдарға жүгінеді. Қазір Таяу Шығыстағы қақтығыстардағы басты қару да осы.
Қытай Иранның Минаб шаһарындағы мектепте қайтыс болған оқушылардың отбасыларына гуманитарлық жәрдем көрсететін болды. Көрші ел осы мақсатта 200 мың АҚШ доллар бөліп отыр.
Дональд Трамп: «Ормуз бұғазының қауіпсіздігін өткел арқылы мұнай импорттайтын елдер қамтамасыз етуге тиіс», - дейді. АҚШ президенті мұны әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды.
Францияда да отандастарымыз Жаңа Конституция бойынша референдумға белсенді қатысып жатыр. Париж уақытымен сағат 15:00-де тіркелген қатысушылардың 30%-дан астамы өз таңдауын жасап үлгерді.