Бүгін Әзербайжанда 1 минут үнсіздік жарияланды. Рәсім кезінде жергілікті халық Ақтауда ұшақ апатынан қаза тапқан марқұмдарды еске алып, рухына тағзым етті.
Газа секторындағы жаңа туған 3 нәресте шетінеп кетті. Өмірге келгеніне небары 21 күн толған шақалақтар, аймақтағы қара суыққа шыдас бермей үсіп қалған.
Бүгін Әзербайжанда аза тұту күні. Бауырлас ел 25 желтоқсанда Баку-Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатқан Embraer 190 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты қара жамылды.
Испанияның жағалау күзеті Канар аралдарының жағалауында 100-ден аса мигрантты құтқарды. Олар ағаштан жасалған 5 қайықпен суға батып бара жатқан жерінен аман қалған.
Айта кеткен жөн, бүгінде Azerbaijan Airlines әуе компаниясының "Баку-Грозный-Баку" және "Баку-Махачкала-Баку" бағыттары бойынша қатынайтын әуе рейстері тергеу аяқталғанға дейін уақытша тоқтатылды.