Д.Бейсембеков: «Дудар-ай» ансамблі жабылған жоқ

Сонау 1980 жылы көркемөнерпаздар үйірмесінен бастау алған «Дудар-ай» ансамблі жабылмайды. Қазір шығармашылық ұжым жастарға жетекшілік қызметке келуге мүмкіндік беріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қорғалжын аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Дархан Бейсембеков айтты. Әлеуметтік желілерде және кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында «Дудар-ай» халық ансамблі жабылып қалыпты, аудан әкімдігі оны жауып тастапты деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Өзгеріс халық фольклорлық өнер ұжымының жетекшілігіне ғана қатысты», – дейді жергілікті әкімдік өкілдері.

Дархан Бейсембеков, Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы:

– «Дудар-ай» халық ансамблін біз жапқан жоқпыз. Оны біз жаппаймыз да. Бұл жерде бір мәселе болып тұр. Тек жетекшілік жағынан өзгеріс енгізу керек болды. Себебі біз жұмыс жасағанда барлығы заң аясында болу керек.

Дархан Бейсембековтың айтуынша, ансамбль басшылығына жас мамандар ауадай қажет. Осыған байланысты қазіргі жетекшісі Марат Әлімжанов өз еркімен жұмыс орнын босату туралы арыз жазған. Бірақ кәнігі маман Рәбиға Есімжанова атындағы ән-күй мектебінің директоры қызметін жалғастыра бермек.

Дархан Бейсембеков, Ақмола облысы Қорғалжын аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы:

– Жетекшілік етіп жүрген Әлімжанов Марат ағамыз. Барлығы біледі оны. Өте жақсы композитор. Қатты сыйлаймыз ол кісіні. Ол кісі бізде «Дудар-ай» ансамблінің жетекшісі және ән-күй мектебінің директоры болып қызмет істейді әлі күнге дейін.

«Ел ағалары адасқанға жөн сілтеп, жастарға бағыт-бағдар берген. Бір ауыз сөзбен тентегін тыйып, тектісін төрге оздырған. Қанымызға сіңген осы қасиеттен айрылмауымыз керек». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдыңғы жолдауында айтқан осы сөздеріне қарап-ақ Жаңа Қазақстандағы жастардың маңызды рөлін айшықтайтынын аңғаруға болады.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Ерлан Наурызбаев

Сондай-ақ...