Биыл Доссор кен алаңынан алғаш мұнай алынғанына 115 жыл толды. Ембі мұнайшылары қара шаңғырақ саналатын Доссор кентінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға үнемі үлес қосып келеді.
Қызылордалық 8 сынып оқушысы Гиннестің рекордтар кітабына енді. Нұрбибі Темірхан әлемдегі ең үлкен «Аламан құрақ» жобасына қатысып, ең жас қолөнерші атанды.
Астанада 19-шы рет «Шаттық» шығармашылық байқауы өтіп жатыр. Оған қала аумағындағы білім беру ұйымдарының балалары мен жасөспірімдері қатысып, бақ сынайды.
Данияның әйгілі Корольдік балеті тұңғыш рет Астанада өнер көрсетеді. 1748 жылы негізі қаланған көне балет Еуропадағы ең беделді өнер институты саналады.