Елордада үй қызметшісі зергерлік бұйымдар ұрлаған

Елордалық ерлі-зайыптылар 700 мың теңгеден астам сомадағы зергерлік бұйымдардың жоғалғаны туралы полицияға арызданды.

Жәбірленушілердің пәтеріне отбасы мүшелерінен басқа анда-санда үй шаруашылығына көмектесетін қызметші келіп тұрған, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 38 жастағы әйел адам бұл отбасыда бірнеше ай жұмыс істеген. Тергеп-тексеру барысында полиция қызметкерлері үй шаруашылығына көмектесетін әйелдің ерлі-зайыптылардың сенімін пайдаланып, ұрлық жасағанын анықтады.

Екі ай бойы пәтерден зергерлік бұйымдарды алып, ломбардқа өткізіп отырған. Әйел адам жасаған іс-әрекетін мойындады. Полиция қызметкерлері алтын бұйымдарды тәркіледі және иесіне қайтарды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.