Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 49 науқастың жағдайы өте ауыр

2021 жылдың 9 қаңтарындағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпарат жарияланды.

9 қаңтардағы мәлімет бойынша 22 830 адам короновирус инфекциясынан (10 874 КВИ+ және 11 956 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 5383 пациент стационарда, 17 447 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Коронавирусқа шалдыққандар арасында:

• 283 адамның жағдайы ауыр;

• 49 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.