Елордада Крещение мерекесіне арналған жаппай шомылу өткізілмейді

Елордада карантиндік шектеу шаралары сақталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вирустың таралу қаупі артуына байланысты бұқаралық, отбасылық шараларға, шерулерге және жаппай суға сүңгуге тыйым салынады. 65 жастан асқан азаматтардың қоғамдық орындарға баруына болмайды. Ойын-сауық орталықтарындағы мұз және роликті сырғанақтардың қызметі тоқтайды. Фуд-корттардың жұмысы бойынша курьерлік жеткізуге және тамақты өзіңмен бірге алып кетуге ғана рұқсат. Мектепке баратын балалар, студенттер мен қызметкерлер арасында COVID-19 ауруының жағдайы тіркелсе, инкубациялық кезең аяқталғанға дейін білім беру мекемелері карантинге жабылуы тиіс. Қоғамдық көліктер жексенбі күндері жүрмейді. Крещение мерекесіне арналған жаппай шомылу өткізілмейді.

Сондай-ақ...