Мақтаарал ауданында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауданның бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, 14 қаңтардан бастап 28 қаңтарға дейін Мақтаарал ауданының аумағында эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанға дейін карантиндік шектеу шаралары енгізілді. Қазір осы өңірдегі тілшіміз Жандос Жұмабек бізбен аудан орталығынан тікелей байланысқа шықты.

Диктор:

- Жандос, аудандағы жағдай қалай? Қауіпті індет жұқтырғандардың саны көп пе?

Жандос Жұмабек, тілші:

- Соңғы күндері Мақтаарал ауданының аумағында пневмонияның вирустық түрі мен COVID-19 жұқтырған азаматтар саны көбейген. Соның нәтижесінде аудан көлемінде жаңа өзіңіз айтқандай, 28 қаңтарға дейін қатаңдатылған шектеу шаралары енгізіліп отыр. Бүгінгі күні Мақтаарал ауданының бас санитар дәрігерінің хабарлауынша, қауіпті вирус жұқтырған науқастардың саны 27, ал 14 адам пневмониямен ауырған. Олардың барлығы көрші Жетісай ауданында орналасқан инфекциялық госпитальда ем алып жатыр. Ал мұнда  Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент пен Атакент ауылында да қосымша 20-20-дан 40 орынға лайықталған инфекциялық госпиталь жасақталып, дайын тұр. Қазір менің қасымда Мақтаарал аудандық ауруханасының бас дәрігері Берік Есімханов мырза тұр.

- Берік Нағашбекұлы, сіздердің ауруханаларыңызда жасақталған 20 орындық госпиталь науқастарды қабылдауға дайын ба? Қажетті оттегі канцентарттары жеткілікті ме?

Берік Есімханов, Мақтаарал аудандық ауруханасының бас дәрігері:

- Сондай-ақ аудандағы барлық сауда орындары мен базарлардың жұмыс уақыты қысқарып, санитарлық талаптар күшейтілген. Дезинфекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әлеуметтік арақашықтық сақтау қатаң талап етіледі. Тұрғындарға көшеге бетпердесіз шығуға, адам көп жиналатын орындарға баруға тыйым салынады. Көшеде маска тағып, антисептик пайдаланып жүруге міндеттеледі.