420,65 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таңбаланбаған темекі сатқандар 1,5 млн теңге айыппұл төлейді

  • 155
  • UPD: 15:25, 20.01.2021
Таңбаланбаған темекі сатқандар 1,5 млн теңге айыппұл төлейді

Елімізде таңбаланбаған темекі өнімдерін сатқандарға, 1 жарым млн теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны Мемлекеттік кірістер комитетінің департамет директоры Бақытгүл Қазақбаева айтты. Елде темекі өнімдерін таңбалау, былтыр қазанда басталған. Алдағы сәуір айында тағы жалғасады. Мамандар күзге дейін осы шаруаны бітіруді жоспарлап отыр. Сондықтан темекі өнімдерін саудалаумен айналысатын кәсіпкерлер осы аралықта шылымдарды таңбалап үлгеруі тиіс. Талапқа бағынбағандар 500 мың теңгеден бастап 1 жарым млн теңгеге дейін айыппұл арқалауы мүмкін.

Бақытгүл Қазақбаева, ҚР ҚМ МКК мемлекеттік қызметтерді көрсету департаментінің директоры:

– Биылғы жылдың бірінші қазанынан бастап таңбаланбаған темекі өнімдерін саудалаған кәсіпкерлерге қатаң шара қолданылады. Оларға 200 айлық есептік көрсеткіштен – 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін. Тіпті құзырлы орындардың өнімдерді толық тәркілеп алуына құқы бар.

Хабар 24 телеарнасы