Зейнетақы қаржысына тұрғын үй сатып алу ережелері

Қазір зейнетақы қаржысына тұрғын үй сатып алу ережелерін атап өтейік.

Біріншіден, сізде электронды цифрлық қолтаңба болу керек. Оны «Егов» сайтынан бірнеше минутта алуға болады. Екіншіден, зейнетақы шотыңызда қанша ақша жатқанын анықтау керек. Үшінші қадам: ЖССБ24 мобильді қосымшасы немесе екінші деңгейлі банк арқылы арнайы шот ашу. Төртінші қадам: «Отбасы» банкінің сайтында зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтініш толтыру керек. Ал қаржы арнайы шотқа түскеннен кейін, 45 күн ішінде тұрғын үйді сатып алуға мәміле жасалуы шарт. Осыдан кейін барлық құжат банкке өткізіледі.

Зейнетақы қаржысына тұрғын үйді сатып алу ережесі

1-қадам: Egov сайтында ЭЦҚ алу

2-қадам: БЖЗҚ немесе Egov сайтында жинақтар сомасын нақтылау

3-қадам: «Отбасы банкінде» немесе екінші деңгейлі банкте шот ашу

4-қадам: Банк сайтында төлемге өтініш толтыру

5-қадам: БЖЗҚ-дан қаржы шотқа түседі

6-қадам: 45 күн ішінде үйді сатып алуға мәміле жасау

7-қадам: Үй сатып алуды растайтын құжаттарды банкке ұсыну.